Бұл жиынға үздік көрсеткішке жеткен спортшылар қатысты. Кездесуге ҚР Білім және ғылым министрлігінің Дене шынықтыру ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Бауыржан Рамазанов қатысты.
Жиынды ашқан өңір басшысы Серік Біләлов 7-ші қысқы Азия ойындарының жоғары деңгейде өткізілгенін атап өтті. Бұл додада Дмитрий Бабенко мен Аслан Тоқбаев жүлдегерлердің қатарына ілікті. Кездесу барысында облыс әкімі спортшыларды марапаттау рәсімін өткізді. Спорттық бағдарлаудың өкілі Аслан Тоқбаев пәтер алуға мүмкіндік беретін сертификатқа ие болды. Конькиші Дмитрий Бабенко облыс әкімінің сыйақысына ие болды.
Сондай-ақ мектеп оқушылары арасында кіші Азия ойындары өткізілді. «Ақшақар 2011» қысқы спартакиадаға белсенді қатысқан аудандар марапатталды.
Облыс әкімі марапатталғандарды тағы бір мәрте құттықтап, болашақта жоғары нәтижеге жететіндеріне сенімін білдірді.