Өткен жұма күні болған таныстырылымға ЕурАзЭҚ Интеграциялық мәселелерді стратегиялық зерттеу институтының директоры, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясының профессоры, экономика ғылымдарының докторы Анатолий Спицын, «Парасат» Ұлттық ғылыми-техникалық холдингі» АҚ басқарма төрағасы, техника ғылымдарының докторы Нұралы Бектұрғанов, Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты, экономика ғылымдарының докторы, «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесі бюросының мүшесі Анатолий Башмаков қатысты.
Құрметті қонақтар Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде болып, ЖОО-ның профессор-оқытушылық құрамымен және студенттерімен кездесті.
Содан кейін облыстық әкімдіктегі үлкен залда Елбасы кітаптарының топтамасы келушілер назарына ұсынылды. Топтаманы ашу барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов сөз сөйледі.
Н.Ә.Назарбаевтың таңдамалы шығармалары ағымдағы жылғы маусым айының соңында Мәскеуде жарыққа шыққан болатын.
Атап айтқанда, облыс әкімі: «Нұрсұлтан Назарбаевтың «Таңдамалы шығармалар» кітабында «Қазақстандық жол: тұрақтылықтан қайта жаңару арқылы өркендеуге» жарияланымдары бар. «Қазақстан-2030» стратегиясы дамуының жаңа сатысы көрініс тауып, «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы» жүзеге асырылуының басым бағыттары баяндалған», - деп атап өтті.