Әкімдікте хабарлағанындай, жаңа қызметке тағайындаудың алдында 48 жасар Б. Төлегенов СҚО Айыртау ауданының әкімі болған. Сондай-ақ, СҚО әкімдігінің экономикалық даму департаментін басқарып, СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары болған.
Әкімдіктің мәліметтері бойынша, Б. Төлегенов Көкшетау облысында дүниеге келген. Целиноград ауыл шаруашылық институтын, сондай -ақ ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің жоғарғы басқару мектебін тәмамдап, Көкшетаудың экономика және менеджмент институтында оқыған. Мамандығы бойынша ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыратын экономист, менеджер. Экономика магистрінің дәрежесі бар.