«Аудандық құрылымдар мен ІІД аппаратының 17 жас аудармашысы мемлекеттік тілді меңгеру, аударма жылдамдығы мен сапасы жағынан сынға түсті. Қатысушылар ерекше таныстыру дайындап, белгілі бір уақытта қызметтік құжатты, көркем туындылардан үзіндіні сапалы аударуы тиіс еді. Соңғы кезеңде олар қылмыстық және әкімшілік заңнаманың баптарын синхронды түрде аударды», - делінген хабарламада.
Айыртау АІІБ аудармашысы Фариза Есболова бірінші орынға, Петропавл қ. ІІБ аудармашысы Кәмшат Сәбитова екінші және Тайынша АІІБ аудармашысы Назгүл Сәдуақасова үшінші орынға ие болды.
Қатысушылардың барлығы дипломдармен марапатталды, ал жеңімпаздар смартфон мен тұрмыстық техникаға ие болды.