Бейбіт Молдабеков Көкшетау қаласының тумасы. 1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінде құқықтанушы мамандығы бойынша білім алған.
1992-2009 жылдар аралығында прокуратура органдарында, 2010-2012 қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқарды.
2012 жылдың сәуірінде қаржы полициясына ауысты. 2013 жылдың мамыр айынан бері Астанада ұлттық компаниялардағы, даму институттарындағы қылмыстарды ашу басқармасының басшысы болып келді.
Еске сала кетейік, 2013 жылы 26 желтоқсанда Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы басшысының бірінші орынбасарын өз үйінің алдында белгісіз біреулер атып кеткен болатын. Жандос Ахметовтің денесіне белгісіз біреу 5 рет тапаншадан оқ жаудырып, соңғы оқты шекесіне атқан. Қазіргі уақытта облыста Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуовтің жетекшілігімен арнайы жедел тергеу тобы жұмыс жасауда.