СҚО қаржы полициясы басшысының орынбасарын өлтірген күдікті өз қылмысын толықтай мойындады

Сот отырысында сотталушы П.П. Ковалевтан жауап алынды, ол тергеу нұсқасы бойынша Ахметовті атқан, деп хабарлады СҚО сотының баспасөз қызметінен.

Облыстың қаржы полициясы бастығының орынбасары Ж. Ахметовтің өлімі бойынша аса қатігездікпен жасалған қылмысқа айыпты А. Б. Жамалиев, П.П. Ковалев, Б.М. Хукиевке қатысты алғашқы 36 том қылмыстық іс Петропавл қаласының «ЕС-164/1 мекемесі» ӨММ тергеу оқшаулағышында болған ашық сот отырысында қаралды. Бүгін сот отырысында сотталушылардан жауап алу басталды, деп атап өтті ведомство баспасөз қызметінде.

 «Сонымен сотталушы П. П. Ковалев сотта өз кінәсін толықтай мойындады. Ол Ахметовті өзі атқанын, себебі  мұны танысы Жамалиев өтінгенін айтты», - делінген хабарламада.


Еске сала кетейік, тергеу нұсқасы бойынша, Жамалиевтің қателесуі салдарынан СҚО Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орнына 2013 жылғы 24 желтоқсанда Петропавл қаласында өз үйінің кіреберісінде қылмысты орындаушы оның орынбасары Ж. Ахметовті өлтірген.