Солтүстік Қазақстан облысының әрбір оныншы гектарына көпжылдық шөптер егілген. Тамырын жайған өсімдік 5 жыл қатарынан өнім беріп тұрады екен. Қазір өңірде мал басының саны артып келеді. Сондықтан мұнда төрт түлік азығы – өткір мәселелердің бірі. Қазір мұндай өнімнің бір келісінің құны біздің елімізде мың теңгеден асады. Ал көрші елде рубльдің қазіргі бағамына шаққанда бұл тауар бірнеше есе арзандаған.
Серік Малаев, шаруа қожалығының басшысы:
-Ресейден көпжылдық, бір жылдық шөптердің және майлы дақылдардың тұқымын сатып алмақшымын. Қазір рубльдің құлдырауына байланысты көрші елден элиталық тұқымдар сатып алу өте тиімді болып тұр. Сонан кейін осындай тұқымдар сепкеніміз үшін біз мемлекеттен қосымша субсидия да алатын боламыз. Бұл екі есе пайдалы.
Loading...