СҚО, ШҚО, Павлодар облысында сабақ тоқтатылды

Cолтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облысының 1-11 сынып оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайды, деп хабарлайды Today.kz

Екібастұз ішкі істер басқармасының басшысы Абай Жүсіпов Instagram желісіндегі парақшасында қала тұрғындарына қатысты мәлімдеме жасады. Ол ауылға және басқа қалаға 22-26 қаңтар аралығында жолға шықпау керектігін ескертті. Өйткені осы күндері ауа температурасы төмендейді. Сондай-ақ балаларды жалғыз жібермеу керектігін қоса айтты. 

Жүсіпов Екібастұздың барлық жолы жабық екенін мәлімдеді. 


Солтүстік Қазақстан облысында оқушылардың ата-аналары сабақ болмайтыны туралы хабарлама алған. Қостанайдағы білім бөлімінің қызметкерлері де сабақ болмайтынынан құлағдар. ШҚО-ның тұрғындарына облыстық ТЖД қатты аяз туралы ескерткен. 

Бұрын Астана мен Қарағандыда сабақ болмайтыны туралы хабарланған еді.