"Гепатит А қарсы ең тиімді тәсіл вакцинация жасау. Гепатитті алдын алу шаралары қолға алынғанда, бірінші кезекте мектеп оқушылар мен студеттерге егіледі", - деп хабарлады департаменттегілер.
Облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметтері бойынша, гепатит А ауруының өршу және бәсеңсу аралығы 6-7 жыл. Соңғы өршу СҚО 2000 жылы байқалған. Жеті жыл өткендіктен, енді эпидемиологтар бұл кеселдің қайта қозуы мүмкін деп жағдайды бақылауға алған.
"Іс жүзінде кесел 3 пен 10 жас аралығындағы балармен қоса ересек адамдарға да таралады. Алайда, қобалжудың жөні жоқ, ең бастысы- жеке тазалықты сақтау керек", - деп ескертті денсаулық сақтау департаменті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті