СҚО-да 8 жол учаскесін су шайып кетті


«Су басқан жолдардың ішінде тек екі жол ғана жабылды. Бұл Қызылжар ауданының Новоникольское ауылындағы көпір мен Ғабит Мүсірепов атындағы Разгульное ауданындағы көпір. Осы аудандардағы өзендерде су деңгейі көтерілу салдарынан жолдарды су басты. Екі елді мекенде де айналма жол ретке келтірілді», - деп хабарлады А.Бәкішев.
Есіл ауданының Корнеевка ауылын да аз-маз су басқан. Тасқын апаты бірнеше ауылдарды әбігерге түсіруде. 
«Үлкен Тарангүл көлінің маңындағы Қамысақты өзенінен су көптеп келуде. Жергілікті атқарушы органдар инертті материалдар төсеу жұмыстарын жүргізуде. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Тұрақты мониторинг жүргізіліп жатыр», - деді А.Бәкішев.
Облыс орталығына қатысты құтқарушылардың айтуынша, жағдай тұрақты. Тұрғын үйлерді су басудың 62 фактісі тіркелді. Су айдау жұмыстары жүргізіліп, зардап шеккендерге көмек көрсетілді.
Жалпы алғанда, алдын ала болжам бойынша су тасқыны 2014 жылғыдай қауіп әкелмейді.