СҚО-да адам қағып өлтірген полицей бостандыққа шықты


Марқұм түн ортасында көрші ауылдағы туысынынан қайтып жаяу келе жатқан екен. Араққа тойып алған капитан жол шетінде келе жатқан жігітті басып өтіпті. Кейін тәртіп сақшысына қатысты қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынған. Алайда адвокаттары оны түрмеге бір апта да түнеткен жоқ. Кепілдікке көлігін қойып, Айдос Қаңтаевты босатып алды. Көлікті сот 700 мың теңгеге бағалапты. Судьяның мұндай шешім қабылдауына жәбірленуші жақтың капитанды кешіргені түрткі болса керек.