СҚО-да бір тәулікте шыққан өрт 6 адамның өмірін жалмады


Өртке оранған екі бөлмелі пәтердің есігін ашқанда бір жасар сәби босағаға  өзі еңбектеп жеткен екен. Оның бес жастағы әпкесі де бірден сыртқа ұмтылған. Ал төргі бөлмеде түтінге тұншығып қалған екі сәбиге көршілер көмектесе алмады. Өрт сөндірушілер араға біраз уақыт салып олардың өлі денелерін сыртқа шығарды. Оттың шығуына балалардың сіріңкемен ойнауы себеп болыпты. Ал Тайынша ауданының Аққұдық ауылындағы өрттен 50 жастағы ер адам мен оның жеті жасар ұлы көз жұмған. Сондай-ақ, жалын шарпыған мына кепеден құтқарушылар қаңғыбас әйелдің мүрдесін тауыпты.   Ал мына жер үйде бүгін түнде жалғыз тұрған ер адам жанып кетті. Денесінің күйгені сонша, мамандар тапқан сүйек қалдықтарының адамға, не жануарға тиесілі екенін анықтау үшін сараптамға жіберуга мәжбүр болған.