СҚО-да екі газ баллоны жарылып, 4 адам жарақат алды


Алғашқы оқиға Ғабит Мүсірепов ауданының Новоишимка ауылында орын алған. Полипропилен шығаратын өндірістік цехта абайсызда газ ауаға тарап кетіп, жылытқыш іске қосылған сәтте қатты жарылыс болыпты. Салдарынан ғимараттың төбесі құлап, екі жұмысшы түрлі жарақаттармен аурханаға түсті. Екінші оқиға Есіл ауданында болды. Сыртта тұрған газ баллонын үйіне кіргізген үй иесі оны ыстық сумен жылытуға әрекеттенген. Оқыста баллон жарылып, 33 жастағы отағасы мен оның жұбайы күйік бөліміне жеткізілді.