СҚО-да еліктер аштан қатып жатыр

Қорықшы Александр Чуканов қарда жүретін көлікпен мына жерге күн құрғатпай келеді. Оның азық әкелетін уақытын білетін жануарлар да орманшыны сырттан бақылап тұрады екен. Онсыз да омбы қармен жүріп шаршайтын аңның азық таба алмаса аштан қататыны мәлім. Жем іздеген еліктер амалдың жоғынан тіпті ауылдарға да кіреді. Қазір өңірдегі 5 қорықта екі мыңға жуық елік, 40 шақты бұлан мен 838 бас марал мекендейді. Мұнда аң аулауға тыйым салынған. Әрбір жануар есепте.

Қайырбек Қасенов, «Мамлют» орман шаруашылығының бастығы:

-Жабайы жануарларды аптасына үш рет азықтандырамыз. Былтырлары екі рет жеткілікті еді. Қолдан азықтандыру жұмысы қар ерігенше жалғасады. 

Loading...