СҚО-да ет комбинаты іске қосылды

Комбинат еттi өңдеп, экспорттық өнiм шығарады. Ет комбинатының шикiзат қуаттылығы - 5 мың тонна. 3 мың тонна дайын өнiм шығарады. Бұл шұжық өнiмдерi және жартылай фабрикаттар. Дайын өнiм экспортқа жiберiледi.

«Бұл кәсiпорынның Орталық Азияда баламасы жоқ. Инвестиция көлемi - 5 млрд теңге. Кәсiпорында 74 жаңа жұмыс орны ашылды, барлығы 100 адам жұмыс жасайтын болады», - дедi Құмар Ақсақалов.

Ет комбинаты немiс технологиясы бойынша салынған. Бiрнеше цех жұмыс iстейдi.Қазiр кешенде 92 адам еңбектенуде. Жуырда дәл осындай тағы бiр кешеннiң құрылысы басталады. Бұл кәсiпорындар өңiр экономикасының дамуына зор септiгiн тигiзбек.