Оқиға бүгін таңертең Петропавлдан 60 шақырым жерде болған. Көктайғақта 37 жастағы жүргізуші тізгінге ие бола алмай, автобус аударылып кеткен. Салдарынан оннан астам жолаушы түрлі жарақаттарымен Қызылжар аудандық ауруханасына жеткізілді. Ал сапарларынан қалған өзге өзбектерді жол сақшылары жақын маңдағы ауыл мектебінің спорт залына орналастырыпты. Жеңіл жарақат алғандарына дәрігерлер осы жерде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ауыл әкімдігі жолынан қалған ала шапанды ағайындарды ыстық тамақпен қамтамасыз еткен. Ал ауруханаға жатқызылғандардың арасында бұғанасын сындырған балалар мен құрсағында алты айлық шаранасы бар жүкті әйел де бар.
-Жол көктайғақ болды.Соның кесірі ...