СҚО-да кәмелетке жасқа толмаған қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Ер адам қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл факті Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-тармағы («Кішкентай балаға қатысты секусалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Еске салсақ, Петропавл қаласында осы апта ішінде екі зорлау дерегі тіркелді. Екі жағдайда да күдіктілер «ізін суытпай» ұсталды.

Қазір істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалды шешім қабылданады.


Тергеу барысы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті мен облыстық прокуратура басшылығының ерекше бақылауында.