СҚО-да мал ұрылары ұсталды

«Соколовка кентіндегі полиция бөліміне қоңырау шалынып, Красноярка ауылында екі жылқы мен құлын ұрланғаны хабарланды. Оқиға орнына тергеу тобы барды. Үй иесі ұрлық түнгі сағат 23 пен таңғы 7 аралығында жасалғанын айтты», - деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Жедел іздестіру барысында Якорь селолық округында қызылжарлық полицейлер ВАЗ көлігін тоқтатты. Көліктің тіркемесінен екі жылқы мен құлын табылды.

Ұсталғандардың бірі - Қызылжар ауданының тұрғыны, бұрын да осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған азамат. Екеуі Петропавл қаласының тұрғыны. Ұрланған зат иесіне қайтарылды.


Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.