СҚО-да МАЗ көлігі жүк поезына соғылды, жүргізуші қаза тапты

Бұл тулары СҚО ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«24 жастағы МАЗ жүк көлігінің жүргізушісі темір жол торабына шығып кетіп, жүк поезына соғылған. Нәтижесінде 4 жартылай вагон рельстен шығып кеткен. Жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», - деп жазылған хабарламада.

Дәл сол мезгілде апат орын алған жерге екінші жолмен  «Иркустк - Кисловодск» (494 жолаушысы бар 15 вагон) бағыты бойынша бет алған поезд келіп қалады. Машинист шұғыл тежегішті  басып үлгерсе де,  поезд автокөлікке барып соғылады.  Салдарынан 3 вагонына зақым келген. Жолаушылар арасында жапа шеккендер жоқ.  

Оқиға орнына СҚО ТЖД  жедел тобы мен СҚО ІІД, көлік прокуратурасының қызметкерлері келді.