СҚО-да мемлекет қайраткері Ф.Кәріпжановқа арналған фотокөрме ашылады

Бұл ақпаратты ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі таратты.

Фазыл Кәрімұлы 1940-1945 жылдары Солтүстік Қазақстан облысында тұрып, еңбек етті. Петропавл сұрып сынағы учаскесін және Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімін басқарды. Көрмеде Алматы және Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағаттарынан алынған Ф.Кәріпжановтың фотосуреттері мен құжаттарының фотокөшірмелері қойылған.

1953-1960 жылдары Ф. Кәріпжанов Ауыл шаруашылығы министрі, Қазақстан Компартиясы ОК ІІ хатшысы, Қаз КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының төрағасы міндеттерін атқарды.