СҚО-да «Нұр Отанның» жаңа партиялық ұйымы құрылды

«Ұжым қызметкерлерімен кездесуде ЖШС директоры Петр Шарапаев және «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төрағасының орынбасары Кеңес Мұқышев сөз сөйледі, олар қатысушыларға партия қызметі, оның сайлау алды бағдарламасы жайлы айтты», - деп хабарлады облыстық партия филиалының баспасөз қызметінен.

«Радуга» ЖШС 2002 жылы құрылған. Оның өнімі Қазақстанда сұранысқа ие. Кәсіпорын шемішке қуыру, қайталама шикізаттан түйіршік дайындау, пластмассадан бұйымдар өндіруге маманданған. Өнім тәулігіне 3 тоннаны құрайды. Кәсіпорында орташа айлық 50 мың теңге, онда 85 адам жұмыс істейді.

Жиналыста ұйымға төраға  боп сайланған Петр Шарапаев  жаңа экономикалық жағдайда мүшелер «Нұр Отанның» сайлау алды бағдарламасын қолдауы тиіс екенін атап өтті.

«Жаңа сайлау алды бағдарлама біздің алдымызға ортақ мақсат қояды: Қазақстанды экономикалық жағынан барынша бәсекеге қабілетті ету, - деді төраға. - ауылдық жерлердің коммуналдық инфрақұрылымын жақсартып, экономикалық секторда қуатты талпыныстар жасап, жағдайды нығайту қажет, өнім өңдеу ауқымын арттырып, ассортиментін кеңейту маңызды. Бұл тыңғылықты еңбекпен келеді. Партияның сайлау алды платформасында айтылған жаңа идеялардың арқасында бұл міндеттерді іске асыру аса қиындық тудырмайды», - деп қосты ол.


Бастапқы партия ұйымы 30 мүшеден тұрады