Бұл туралы СҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Марат Жексембин хабарлады.
«Серебряный бор» лагерінде инфекция таратушы, болжам бойынша, тағам беру блогының қызметкері. Қазіргі кезде оған санитарлық кітапшаны кім бергені анықталуда. Лагерьде 156 адам бар, оның 6-ауы ересек. Біздің деректеріміз бойынша, 69 бала ауруханаға жеткізілген. Олардың жағдайлары жақсы, ауруханадан жазылып шығып жатыр.
«Серебряный бор» және «Заря» сауықтыру лагерлерінде балалардың жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді М. Жексембин.
Еске салсақ, өткен аптада Солтүстік Қазақстанда екі сауықтыру лагерінде балалар жаппай уланған болатын.