«Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен 21 жастағы екі жергілікті тұрғын ұсталды. 24 наурызға қараған түні жалғыз тұратын зейнеткердің үйіне мас екі ауылдасы кіріп, оның мүлкін тартып алмақ болған. Олар соғыс ардагерін соққыға жығып, теледидар мен 16 мың теңгені ұрлап, таксимен аудан орталығына кеткен. Жарақаттар салдарынан зейнеткер оқиға орнында қаза тапты», - делінген СҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Күдіктілер ұсталып, тергеу оқшаулағышына қамалды. Тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде. Онда 15-тен 20 жылға дейін немесе өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.