Атап айтқанда, ағымдағы жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында 3900 бас ірі қараны сатып алу үшін 700 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы СҚО бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалының бас маманы Дмитрий Шледевиц хабарлады.
Ал «Алтын асық» бойынша жоспар 5850 бас мал, бұған 125 млн. теңге қарастырылды. Аталған қаржыға асыл тұқымды қошқарлар мен саулықтар сатып алынады. Солтүстікқазақстандықтар, әсіресе, жылқы түлігін өсіру бағытындағы «Құлан» бағдарламасына көптеп қатысуда. Қазірдің өзінде фермерлер тарапынан 648 жылқы алуға 24 өтініш түсті.