СҚО-да тасқын жолды шайып кетті

Су көршілес Қостанай облысындағы ернеуінен асып кеткен Қарасу өзенінен келген. Жол бойы оған егіс алқаптарындағы еріген қар суы қосылыпты.  Мамандар оны тезірек ағызып жіберу үшін асфальттың 10 метрдейін бұзуға мәжбүр болды. Ал тасқыннан маңайдағы ауылдарға қауіп жоқ деп сендіріп отыр Төтенше жағдайлар қызметі. Қазір барлығы қауырт жұмысқа кіріскен.  


Самат Ескендіров, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Түнге дейін бұл жерде жолды қалпына келтіреміз, уақытша. Болашақта бұл жерге күрделі жөндеу жүргізу үшін республикалық жол ұйымдарына шығамыз.