Челябі -Новосібір жолында күні-түні кезекшілікте тұрған тәртіп сақшылары көліктерді айналма жолға бұрып жатыр. Оның сайдағы жолдың бөлігі толығымен су астында қалған. Сондай- ақ, өңірде облыстық маңыздағы тас жолдың 30 учаскесін су шайып жатыр. Тасқын қала маңындағы саяжайларға да жетті. Жұрт қызыл су кірген бау-бақшаларынан қолға ұстар дүниесін алып шығуға асығуда. Төтенше жағдай мамандары оларға саяжайда түнемеңдер деп ескертті. Судың екпінінің күштілігі сонша, Есіл өзені бойындағы Заречное ықшамауданы да бүгін-ертең тасқынның астында қалғалы тұр.
Валентин Козлов, Петропавл қаласының тұрғыны:
-Су Есіл өзенінен келіп жатыр. Қазір оның сағалары толып тұр. Екі- үш күнде деңгейі тағы көтеріле ме деп қорқамыз.
Loading...