СҚО-да Украина ІІМ тоғыз жыл бойы іздеген қылмыскер ұсталды

«29 жастағы ер адам Тайыншы ауданындағы ауылдардың бірінде бөтен біреудің аты-жөнін жамылып жеті жылдай жүрген. Жергілікті криминалдық полиция қызметкерлері күдік келтіргенге дейін ол туыс аға-інілерімен бірге ағаш кесіп нәпақа тауып жүрген», - деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Мәдина Балғашұқова мәлімдеді.

Бұл азаматтың аты-жөнінен күдіктенгендер саусақ іздерін алып, ол келген Украина тергеу органдарына жіберген.


Ер адам 2003 жылы Украинаның Житомир облысы аумағында ұрлық пен алаяқтық жасағаны анықталды. Ол жақтан бас сауғалап, Қазақстанға туыстарына келген.

Украин тарапынан сұратуымен Қазақстан бас прокуратурасы оны экстрадициялау туралы қаулы шығарды.