«2014 жылдың 9 маусымы кешкі уақытта Қызылжар ауданының Ивановка ауылының маңындағы «Мирас» лагерінен белгісіз бағытта 1976 жылы туған Стабаев Ербұлан Торсанұлы кетіп қалып, осы кезге дейін оның қайда екені белгісіз», - деп көрсетілген хабарламада.
Сонымен бірге, 11 маусымнан бері Есіл өзенінде облыстың ТЖД суда құтқару қызметі іздеу жұмыстары жүргізіп жатыр. Мәйіт табылған жоқ, деп хабарлады аймақ құтқарушыларының баспасөз қызметінен.
Жоғалған Стабаев Ербұлан Торсанұлының белгілері: бойының ұзындығы - 180, шашы қысқа қиылған, қой көзді, мұрны шығыңқы, ол жақ иығында күн және тау бейнесіндегі татуировкасы бар. Татуировканың астында тыртық бар.
Үстіне кигендері: қара спорттық күрте, қоңыр түсті футболка, жасыл түсті камуфляж шалбар, қара түсті аяқ киім. Өзімен бірге «Nokia» маркалы, қара түсті ұялы телефоны бар.
Іздеу жарияланған адам туралы қандай да бір ақпарат білетін адам болса 39-40-07, 102, 39-13-14, 39-13-18, 8 (71538) 2-17-02, 2-26-71 арқылы хабарлауларыңызды сұраймыз.