СҚО-ның әкімі Үкіметтен Спорт сарайын салуға шамамен 4 млрд. теңге бөлуін сұрап отыр

Бұл өтінішті Серік Біләлов СҚО-да жұмыс сапарымен жүрген бірінші вице-премьер Серік Ахметовке білдірді.

«Республикалық рейтингте СҚО халықты дене шынықтыру және спортпен қамту бойынша 4-ші орында тұр. Инфрақұрылымсыз әрі қарай даму біраз қиындық тудырады. Тек біздің облыс орталығымызда ғана қазіргі заманғы жабық спорт аренасы әзірге жоқ», - деді облыс әкімдігінің кеңесінде С. Біләлов.