С.Сайлаубектің концертінде өрт шықты

Осы орайда мәселенің мән-жайын әншінің PR-менеджері Ринат Тәттібайдан сұрап, толығырақ білген едік, деп жазады baistars.kz.

«Серікбол 24 шілде күні Есік қаласының орталық алаңында тегін концерт берген болатын.  Оның әрбір кешінен соң міндетті түрде отшашу атылады. Сол күні отшашу дұрыс атылмай, алаң жанындағы бір үйдің шөп жиналған қорасына түсіп кетіп, өрт шыққан.  Бірақ, барлығы дер кезінде өшіріп үлгерген. Алла сақтап, зардап шеккен адам жоқ. Отшашуға Серікболдың Шыңғыс деген інісі жауапты болған.  Үй иесі түсініп, ұйымдастырушыларды кешірді.

Осы оқиғадан кейін Серікбол қатты қорқып қалғанын және кеш берудің оңай емес екенін айтып отыр.  Бұл оның гастрольдік сапар кезіндегі екінші сәтсіз оқиғасы болды. Осының алдында Топар ауылында болған концерттен кейін әріптестері ұмытып кетіп, түнде 30 км  жаяу жүруіне тура келген. Олар әрбір кештен соң уақыттың тығыздығына байланысты асығып, тездетіп шығуға тырысады. Сол кезде жанындағылар  оның жанкүйерлерімен суретке түсіп жатқанын байқамай, қалдырып кеткен.

Міне, осындай жағдайлар болды. Дегенмен, ол жылдың соңына дейін елімізді аралап шығуды жоспарлап отыр. Бүгінгі Шамалғанда болған концертіне 3000 адам келіпті», - деді Ринат Тәттібай.