SsangYong Rexton W көлігінің алғашқы партиясы құрастырылып шығарылды

«Rexton W көлігінің сырт келбеті өзгерістерге ұшырады: негізінен оптикасы, радиатордың торы, алдыңғы және артқы бамперлері жаңартылды. Бірақ, басты жаңалық: оған жетілдірілген 2,7 литрлік қозғалтқыш орнатылды. Қозғалтқыш күші 186 жылқының күшіне пара-пар», - делінген хабарламада.

Жол талғамайтын жаңа SsangYong Rexton премиум-көлігі жұртшылыққа 2012 жылы Пусанда өткен мотор-шоуда таныстырылған болатын.