Стамбул әуежайында SCAT пен Turkish Airlines ұшақтары соқтығысып қалды

SCAT қазақстандық авиакомпаниясының ұшағы Стамбул әуе айлағында басқа бір ұшақпен соқтығысты, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасының сайты.

Телеарна мәліметінше, SCAT ұшағы ұшу-қону жолағында оң жақ қанатымен түрік ұшағын қағып кеткен. Екі ұшақ та болар-болмас зақым алды. Ұшақтың ішінде болған адамдар зардап шеккен жоқ.

Қазақстандық әуе компаниясы жолаушылары Ақтауға ұшып келіпті. Ал Turkish Airlines жолаушылары Тайбэйға басқа ұшақпен аттанды.