Жарылыстардың салдарынан 154 адам зардап шеккен. Олардың бәрі де жергілікті тұрғындар. ҚР СІМ-нің хабарлауынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.
Жарылыстар жексенбі күні Гюнгер ауданында арасына бірнеше минут салып тізбектеле болған. Жарылғыш заттар қоқыс салатын контейнерлерде болған. Түркияның билігі бұл оқиғаны лаңкестік әрекет деп бағалап отыр.