Стамбұлда тағы да жарылыс болды


Анықталғандай, жарылғыш зат жолда қалдырылған сөмкеде болған.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, әзірге ешбір топ қылмысты мойнына алмады. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Стамбұлда террорлық актілер жиілеп тұр. Соңғы рет мұндай жағдай 12 мамырда болған. Миналанған автомобильдің жарылуынан сегіз адам зардап шекті, олардың ішінде бес әскери бар.