Бірақ жылмысқы жоспарды іске асырғысы келгендерді түрік сақшылары тәулік өтпей түгел тұтқындады. Араларында Ресей азаматтары бар көрінеді. Бір ғана Стамбұлдан 60 содыр ұсталған. Күдіктілердің тең жартысы жанкештілердің қатарынан екен. Ал туристер көп жүретін Сұлтанахмет алаңындағы жарылысты 27 жастағы содырдың жасағаны мәлім болды. Қастандық салдарынан 10 адам опат болған. Оның сегізі Германия азаматтары.
Loading...