Statoil 2005-жылдың аяғына дейін ҚазМұнайГазбен бірлесіп теңіздегі Абай құрылымын алдын-ала бағалау жобасын жасайды



Оның айтуынша, 2005-жылдың аяғына дейін ҚазМұнайГазбен бірлесіп бірінші кезекте көмірсутегі қоры болжанып, қажетті бағалау жұмыстары жүзеге асырылады. Бұрғыланатын барлау ұңғыларының саны анықталады. "Алдын-ала бағалау барысында мұнай тасымалданатын болашақ жолдар айқындалады",- деді ол.
П.Реттедалдың айтуынша, Абай жобасының алдын-ала бағасы бұдан да қысқа мерзім ішінде дайын болуы мүмкін. Бұдан кейін жобаның техника-экономикалық негіздемесі жасалып, шығын көлемі айқындалады.
Ол сонымен бірге Statoil мен ҚазМұнайГаз алдағы жылы қаржылық мәселелер дәйектелетін келісім-шартына қол қоюды жоспарлап отырғанын хабарлады.
"Норвегиялық компания Абай құрылымындағы бұрғылаудан бастап игеру және тасымалдауға дейінгі барлық игеру жұмыстарына атсалысудан мүдделі",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті