Стенд атушы Ангелина Мищук Олимпиада ойындарында 9-орынды қанағат тұтты


«Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына стенд атудан Қазақстаннан 1 спортшы ғана қатысты. Ол - Ангелина Мищук. Оған бапкерлер финалға шығып, үздік алтылықтың қатарына ену туралы міндет жүктелген болатын», - дейді С.Колос. Жаттықтырушының айтуынша, кеше іріктеу сынына 18 спортшы қатысқан. Онда шымкенттік А.Мищук 9-орын алып, финалға шыққан 6 спортшының қатарынан көріне алмады.