Степногорда дзюдодан ҚР чемпионаты өтіп жатыр

 «Степногорлықтарға Олимпиадалық ойындар чемпионы, волейболшы Ольга Кривошеева,  Олимпиаданың күміс жүлдегері, зілтемірші Ирина Некрасова, дзюдодан спорт шеберлерінің майталмандарын дайындап жүрген ҚР еңбек сіңірген бапкері Анатолий Кузнецов есімдері кеңінен танымал», - деді жас дзюдошыларға биік шыңға қол жеткізуге  тілек білдірген Степногор қаласының әкімі Әнуар Күмпеков.

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының ақпаратына сүйенсек, 14 облыс, Алматы мен Астана қалаларынан келген 440 спортшы екі күн ішінде өз салмақ санаттарында біріншілік жүлдесіне таласатын болады.

Жарыстың бас судьясы, халықаралық санаттағы судья Бауыржан Шадраимов атап өткендей, жарыс 2000-2001 жж туылған жас спортшылар арасында Қазақстан ұлттық құрамасының резервін тексеру үшін ұйымдастырылды.  Сондай-ақ Бауыржан Шадраимов жас дзюдошылардың техникалық дайындықтары өте жақсы екенін атап өтті, бұл облыстық бапкерлердің тиімді жұмысын көрсетеді. Сондай-ақ, ол жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын да тілге тиек етті.