Степногорда жолаушылар электропойызынан өрт шықты

Бұл туралы аймақтық ТЖД кезекшілік бөлімінен хабарлады.

«Келеңсіз жағдай Степногор қаласының автовокзалы маңында орын алған. Бұл туралы қалалық ТЖБ кезекшілік бөліміне 30 наурыз күні сағат 12:25 шамасында хабар түскен. Өрт № 22 электропойызының 3407 жолаушылар вагонынан шыққан. 

Тілсіз жауды ауыздықтауға қалалық ТЖБ жеке құрамынан 7 адам және 2 арнайы өрт техникасы,  «Степногор тау кен металлургия комбинаты» АҚ-нің 4 жұмысшысы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Аталған электропойыз Степногор қаласы мен Ақсу кенті аралығында кеншілерді тасымалдайды. Абырой болғанда адам шығыны болған жоқ», деп көрсетілген хабарламада.