деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Экшн жанрындағы фильмдердің жұлдызы елорда күнін атап өту аясында ұйымдастырылып жатқан І Халықаралық жекпе-жек өнері фестиваліне арнайы келген.
Елорда басшысы оған қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтып, соңғы жылдары қала кейпінің қалай өзгергені жайында баяндады.
Әкімнің айтуынша, Астананың архитектуралық келбеті өзгеріп, өзіндік атмосферасы мен жаңа дәстүрі қалыптасты.
- Осындай дәстүрлердің бірі - қала күнін атап өту. Бұл мереке тек астаналықтарға ғана емес, барша халыққа да ортақ. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ойлағанындай-ақ, Астана барша қазақстандықтарды біріктірді, мемлекетіміздің еркіндігі мен күш-қуаттының символына айналды, - деді әкім. - Біз осынау мерекені бірге атап өту үшін бүкіл әлемнен келіп жатқан достарымызды қуанышпен қарсы аламыз.
Жыл сайын елорда күні аясында қалада ауқымдылығы жағынан бірегей әлемдік деңгейдегі мәдени-бұқаралық шаралар өтеді. Сондай қызықты да тартымды шаралардың бірі ретінде қала басшысы І Халықаралық жекпе-жек өнері фестивалін атап өтті. Ә. Жақсыбеков Қазақстан жекпе-жек өнері мен шығыс жекпе-жегіндегі дәстүрлерімен танымал екендігіне де баса назар аударды.
- Таэквондо, джиу-джитсу, карате, дзюдо секілді спорт түрлері дамыған. Ал айкидо, өзге спорт түрлеріне қарағанда кенже қалып келеді. Аталған спорт түрін насихаттау жүйесіз, ол бойынша ресми республикалық жарыстар өткізілмейді, - деді елорда басшысы айкидо мастері С. Сигалға қаратып айтқан сөзінде.
Қонақты қабылдау рәсімінен кейін қала басшысы американдық мейманмен бірге Оқушылар сарайына келді. Мұнда Стивен Сигал 70 адамға арналған шеберлік сағатын өткізді. Шараға Айкидо Федерациясының спортшылары мен Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері қатысты.
Ертең сағат 15:00 «Мариотт» қонақ үйінде Стивен Сигал жекпе-жек өнері фестивалінің қонақтарымен бірге баспасөз-конференциясына қатысады. Ал кешкі сағат 19:00 шараның ресми ашылуы өтеді.