Кілең шытырман фильмдерде бас кейіпкерді сомдайтын актерді оқушылар тағатсыздана күткен. Енді бүгін өз көзімен көріп қуаныштарында шек жоқ. Айкидоны жетік меңгерген Стивен Сигал оларды бұл спорт түрінің әдіс қимылдарына үйретті. Дер кезінде шабуыл жасау, тіпті кинодағыдай қарудан қорғану тәсілдерін де актер боз кілемде көрсетіп берді. Ал, жас спортшылар тек теледидардан көріп өскен атақты актермен бір залда жаттыққандарына дән риза. Стивен Сигалдың көрсеткен ұрыс әдістерінен кейін күш алған олар бір-бірімен күресіп, алған әсерлерін жасыра алмады.
Абай Нығметуллин, оқушы:
-Стивен Сигал маған әр түрлі әдіс қимылдар көрсетті. Мені құлатты. Лақтырды. Егер біздің қарсыласымыз бізді ұрайын деп жатса былай құлатып жібереміз оны. Соны үйретті.
Loading...