Стокгольмде Эдвард Сноуден «Дұрыс өмір салты» марапатына ие болды


Бұл туралы кеше ЭФ агенттігі мәлімдеді.
Right Livelihood Award Foundation қоры екі ай бұрсын мәлімдегендей, Сноуден «іргелі демократиялық үрдістер мен азаматтардың конституциялық құқығын» бұзған мемлекеттік агенттіктің қызметі туралы материал жариялағаны үшін атап өтілді.
Ресейден телекөпір арқылы сөйлеген Э.Сноуден әлемдегі ашық және либералды қоғамды қорғауға үндеді.
Бұрын хабарланғандай, ҰҚА бұрынғы қызметкері БАҚ-на халықаралық дау-дамай туғызған америкалық агенттіктің қызметі туралы көптеген құпия материалдарды берген.
Ресейде Э.Сноуден уақытша саяси баспана алған болатын.