Стратег Марат Тәжин отставкаға жіберілді


Президент жарлығында бұл кадрлық өзгеріс «Марат Тәжиннің басқа жұмысқа ауысуына байланысты» деп көрсетілген. Алайда Елбасының сенімді серігінің қандай орынтаққа жайғасатыны  әзірше белгісіз. Айта кетсек, саясаттағы белді тұлғалардың бірі Тәжин мықты стратег. Ішкі идеология мен ұлттық қауіпсіздік мәселелерімен ұзақ жылдар бойы айналысты. Кезінде  Ұлтық қауіпсіздік комитетінің төрағасы,Сыртқы істер министрі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы секілді бірқатар жоғары лауазымдарда болды. Ал мемлекеттік хатшы міндетін уақытша атқару президент әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімовке жүктелген.