Стресс активтерінің қоры банктерден проблемалы активтерді дисконтпен сатып алады - Кәрім Мәсімов

"1 қарашада үкімет ағымдағы капиталы 52 млрд теңгемен Стресс активтерінің қорын құруға шешім қабылдады. Қор белгілі бір активтер түрін банктерден бастапқы құнына емес, белгіленген дисконтпен мейлінше консервативті бағаға сатып алады. Бұл өз кезегінде банктерге босаған қаржыны экономиканы несиелендіруге жұмсауға мүмкіндік береді", - деді Кәрім Мәсімов.