Стресс қоры сатып алатын активтер үшін дисконтты оның құнының 10% деңгейінде белгілеу көзделіп отыр - Бахмутова (толық нұсқасы)

"10-пайыздық дисконт жайлы мәселе қазір талқыланып жатыр. Жалғыз белгілісі, кепілдікке кез-келген жылжымайтын мүлік қойылған активтер сатып алынады. Олар тұрғын үй, коммерциялық жылжымайтын мүлік, немесе, жер болуы мүмкін", -деді ол.

"10% - баланстық құннан есептеледі", -деді Е.Бахмутова.

"Негізінен күмәнді санаттағы несиелер сатып алынады деп жорамал жасап отырмыз. Күмәнділігі жағынан төртінші-бесінші санаттағы несиелер. Стандартты немесе мүлдем үмітсіз несиелер жайлы сөз болып отырған жоқ. Стресс жағдайындағы, қызмет көрсетіліп жатқан несиелер туралы айтып отырмыз ",- деді агенттік төрайымы.

Е.Бахмутованың мәліметінше, қазір Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің несиелік қорыжынында үмітсіз несиелер 3,3% құрайды. "Жалпы алғанда, несиелік портфель 9,1 трлн теңгеге тең. Осы көлемнің 3,3% - үмітсіз несиелер", - деді Е. Бахмутова.