Студент Білім министріне күн колледжге келте шалбармен баруға рұқсат беру туралы өтініш білдірді

«Форма киюді талап ету неге қажет? (...) Қазақстанның оңтүстігінде +30-+40 градус ыстыққа шыдау мүмкін емес. Ең болмаса жазда студенттерге келте шалбар киюге рұқсат етуге болады емес пе?», - деп министр Аслан Сәрінжіповке оның блогында студент сауал тастаған.

Білім министрі колледж оқушылары колледждің белгілеген ішкі тәртібіне сәйкес киім киюге міндетті деп жауап берді.