Студент күлген кезде ғана іске қосылатын теледидар жасап шығарды

Ол камерасы және арнайы бағдарламалық қамту негізінде адамның жүзін анықтайтын жүйесі бар теледидар жасады. Туынды Smile TV деген атауға ие болды.Теледидар алдында көрермен болмағанда, ол дұрыс көрсетпейді, алайда жүйе адамның жүзіндегі күлкіні байқап қалғанда теледидардағы бағдарламалар жақсы көрсетіле бастайды. Күлімсіреу анық көрінбесе, теледидардағы бейнелер жойыла бастайды, деп жазды Onliner.