Мұндай керемет мүмкіндікті әйелдерге арналған «Ұмай» бағдарламасы ұсынады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл ипотекамен 18-ге толған әйел статусына қарамай пәтер ала алады. Қазақстанның кез келген қаласынан. Бұрын 4 қаламен (Астана, Алматы, Атырау, Ақтау) ғана шектелетін. Енді ондай «қолбайлау» жоқ.
Сонымен, «Ұмай» бағдарламасы 2025 жылы қайта іске қосылғалы жатыр.
Соңғы өзгерістердің ұтымды тұстары:
• кезекке тұрудың қажеті жоқ;
• отбасылық статусқа шектеу қойылмайды;
• кез келген жұмыс орны жарай береді;
• атыңда екі немесе үш үй болса да кедергі емес;
• адрес бойынша тіркеуде болу міндетке жатпайды;
• қаладан да, ауылдан да үй алуға болады;
• жаңа үйден де, екінші нарықтан да үй алуға болады;
• БЖЗҚ-дағы жинақ ақшаны пайдалануға болады (жинақты Otbasy шотына аудара аласыз немесе туысыңыз өз жинағын аудара алады);
• айналаңдағы кез келген адам «созаемщик» бола алады (ата-анаң, бауырың, туысың, досың/құрбың);
• студент стипендиясы табыс көзі ретінде қарастырылады.
Енді бағдарламаның шарттарын айтайық:
• 15-20% – бастапқы жарна. Ол «Отбасы» депозитінде жатуы керек;
• 2016 – үйдің салынған жылы осы мерзімнен төмен болмауы керек;
• 950 000 – табыстың максималды деңгейі (осыдан асып кетпесе болды);
• 50 000 000 – баспананың максималды құны.
"Әзірге банктің 300 нөміріне қоңырау шалып, кеңесшілерді жағалап филиалдарға жүгірудің қажеті жоқ. Сізге керегі мынау, құрметті ханымдар: өз нұсқаларыңызды қарастырыңыз, банк шарттары ыңғайға келе ме – ойланып көру, депозитті тексеру және оны 2024 жылы толтыруды ойластыру. Қажет болса, банктің мобильді қосымшасында немесе кеңесшілерге барып депозит ашу", - деп жазады «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов өзінің Facebook-тегі парақшасында.