Студенттер арасында жыр мүшәйрасы өтті


әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде дәстүрлі өткен «Ана тілім - алашымның айбыны» атты жыр мүшәйрасының жеңімпазы атанды. Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай ұйымдастырылған бұл шарада Сәуле Нысанбек пен Жансая Қалекесова екінші, Ақбота Садық, Әсел Жұртбаева, Арман Бейімбетов үшінші орын алды. Оларға оқытушылардан Бердібай Шалабай, Бағдан Момынова, Гүлмира Қазыбек, Кенжетай Күркебаев және аталмыш мүшәйраның алғашқы жеңімпаздары, 3-курс студенттері Манас Қайыртайұлы мен Шерхан Талап төрелік етті. Өнер додасында үздіктер, сондай-ақ «Лирик ақын», «Тіл жанашыры», «Отансүйгіш ақын», «Еңбекқор ақын» аталымдары бойынша да сый-сияпатқа ие болды.