Caravan Logo

Студенттер Мұқағалидің туған күніне арнап қоғамдық көліктерде ақынның әндерін шырқады

Студенттер Мұқағалидің туған күніне арнап қоғамдық көліктерде ақынның әндерін шырқады

Ақиық ақынның туған күніне арнап, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті мен Сүлейман Демирел атындағы университеттің студенттері бірігіп, «Есіңе мені алғайсың» атты әлеуметтік шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Бұл шарада студенттер қоғамдық көліктерде ақынның әндерін шырқап, халыққа тамаша көңіл күй сыйлады. Ақынның шығармашылығының ешқашан ұмыт қалмайтынына көз жеткізді.